ТҰҰМ жұмыстары тығыз

Мәжілісте 6 қыркүйек сенбі күні үкіметке сенім дауысы беріледі.

110802
ТҰҰМ жұмыстары тығыз

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі бұл апта 62-ші үкіметтің бағдарламасын оқу, кеңесу және сенім дауысын беру үшін жұмыстанады.

Жемил Чичектің шақыруымен бүгін кезектен тыс бас қосатын Мәжіліс сенім дауысы берілгеннен кейін заң жобаларын талқылау жұмысын жалғастырады.
4 қыркүйек күні үкімет бағдарламасы кездесулері басталады.
Кездесуден кейін 6 қыркүйек сенбі күні сенім дауысы беріледі.
Сонымен бірге жаңа аптаның алғашқы күні Әділет және өркендеу партиясының топ жиналысы да өтеді.
Премьер-министр және партия төрағасы Ахмет Дауытоғлұ тұңғыш рет премьер-министр мәртебесімен депутаттарға үн қатады.
Мәжілісте 7-8-9 қыркүйек күндері заң жобалары қаралады, Жаза соты заңындағы өзгеріс енгізілген бабты заңдастыру жоспарлануда.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар