Бүгін 30 тамыз Жеңіс мерекесі

30 тамыз Жеңіс мерекесі ел көлемінде мерекемен тойлануда.

108268
Бүгін 30 тамыз Жеңіс мерекесі

Бүгін 30 тамыз Жеңіс мерекесі.
30 тамыз Жеңіс мерекесі осыдан 92 жылдың алдында 1922 жылы Думлупынарда Мұстафа Кемал Ататүріктің қолбасшылығында жеңіске жеткен Бас қолбасшылық майдан шайқасының тарихы.
Осы тарих жаулап алушы армияның елдің шекарасынан кетуінен кейін іске асса да, отан территориясының қайтарылып алынуының символы болған абыройлы тарих болып табылады.
Осы мереке ел көлемінде тойланып жатыр.
Алғашқы мерәсім Аныткабирде өтті.
Режеп Таип Ердоған елбасы ретінде тұңғыш рет қатысқан мерәсімге Ахмет Дауытоғлұ да премьер-министр ретінде тұңғыш рет қатысты.
Аныткабирге зияратқа елбасы Режеп Таип Ердоған, Мәжіліс төрағасы Жемил Чичек, премьер-министр Ахмет Дауытоғлұ, Бас Штаб төрағасы генерал Неждет Өзел, Республика Халық партиясының төрағасы Кемал Кылычтароғлұ, жоғарғы сот ұйымының басшылары, министрлер кабинеті мүшелері, күш қолбасшылары және елдің басқа да басшылары қатысты.
Елбасы Режеп Таип Ердоған Аныткабир Естелік кітабына қолтаңба қалдырды.
Елбасы Ердоған «Ардақты Ататүрік ұлы жеңістің 92 жылдығында бізге мұраға қалдырған республиканы бізге нысана ретінде көрсеткен өскелең өркениет өресіне шығару үшін барлық күшімізбен еңбектеніп, талпыныс көрсетудеміз» деп жазды.
Аныткабирден кейін Ердоған Чанкая сарайына шығып, құттықтауларды қабылдады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар