Чанкаяда Ердоған кезеңі

12-ші президент ретінде сайланған Ердоған президенттік міндетін Абдуллах Гүлден қабылдап алды.

107311
Чанкаяда Ердоған кезеңі

Чанкая президенттік сарайында Реджеп Тайып Ердоған кезеңі ресми түрде басталды.


12-ші президент ретінде сайланған Ердоған президенттік міндетін Абдуллах Гүлден қабылдап алды.


Ердоған кеше алдымен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде президенттік құжатын алып, ант ішті.


Ант ішу рәсімінен кейін президенттік белгі желбіретілді.


Дәл сол сәтте армия қолбасшылықтары орналасқан Стамбул, Измир, Малатия және Эрзинджанда 101 рет зеңбірек атылды.


Ердоған мәжілістен кейін Аныткабірге барды.


Президент Ердоған ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүріктің мавзолейіне гүл шоқтарын қойды, Аныткабір арнайы дәптеріне қолтаңба қалдырды.


Ердоған артынан президент Абдуллах Гүлден міндетті қабылдап алу үшін Чанкая президенттік сарайына барды.


Сарайда тарихтағы 16 түркі мемлекетінің байрақтары және Түркия байрағын көтерген атты жасақ тарапынан қарсы алынған Ердоған мен жұбайы Эмине Ердоғанның көлігі мерәсім алаңына келді.


Ердоған мен жұбайы мерәсім алаңында бұрынғы президент Гүл және жұбайы тарапынан қарсы алынды.


12-ші президент Ердоған қарсы алу рәсімінен кейін Чанкая сарайында президенттік міндетті Гүлден қабылдап алды.


Рәсімге 15 елдің мемлекет басшысы, 6 елдің мәжіліс төрағасы, 12 елдің премьер-министрі, 3 елдің президент орынбасары, 7 елдің вице-премьері, 40 шақты елдің министрлері, халықаралық 9 ұйымның өкілдері қатысты.


Рәсімнің аяғында президент Ердоған мен жұбайы Эмине Ердоған Абдуллах Гүл мен Хайрунниса Гүлді сарайдан әскери рәсіммен шығарып салды.


Президент Ердоған мен жұбайы артынан шетелдік мемлекет және үкімет басшыларына қонағасы берді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар