Ердоған: "Сіздермен қоштаспаймын"

Әділет және даму партиясының кезектен тыс бірінші құрылтайы басталды.

104810
Ердоған: "Сіздермен қоштаспаймын"

Түркияның жаңа президенті ретінде сайланған Режеп Таип Ердоған құрылтай өтіп жатқан Анкара арена спорт залында азаматтарға үн қатты: «Бұл миссия өзгерісі емес, тек атау өзгерісі, сіздермен қоштаспаймыз»


Ердоған жаңа кабинеттің жұма күні құрылатынын айтты.


Ердоған құрылтайда партия басшылығын Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлуна тапсырады.


Ертең болса Режеп Таип Ердоған мәжілістегі кезектен тыс отырыста ант ішеді, Абдуллах Гүлден босайтын Президенттік сарайға шығады.


Президент Ердоған ертеңіне партияның жаңа басшысы Ахмет Давутоғлуна үкіметті құру міндетін береді.


Осы рәсімдер үшін кейбір елдердің мемлекет басшылары, премьер-министрлері, министрлері Түркияға келді.


Македония Түрік Демократ партиясының басшысы Кенан Хасип бүгінгі күннің Түркия, түркі әлемі және Ислам әлемі үшін тарихи күн болатынын атап көрсетті. Хасип «Режеп Таип Ердоған көптеген елде азаматтар, қандастар, әсіресе Балқанда мұсылмандардың жүрегінде орын алған бір тұлға. Балқанға жиі келіп тұратын, шалғай аудандарын да танитын, қандастардың мәселелерімен айналысатын бір лидер» деді.


Черногория вице-премьері Рафет Хусофич болса премьер-министр болатын Ахмет Давутоғлуның Балқан үшін маңызды тұлға екенін атап көрсетті. «Ахмет Давутоғлу Балқанға келген тұңғыш сыртқы істер министрі және қатынасымызды жетілдірген алам» деді ол.


Косово Мемлекеттік басқару министрі және Косово Түрік Демократ партиясы басшысы Махир Ягжылар да Давутоғлуның сыртқы істер министрі ретінде Балқанда ықпалды екенін айтып, «Жаңа Түркияда да табысты болатынына сенеміз, Түркия тағы мықты премьер-министр және мықты президентпен бірге ықпалын жалғастырады. Біз де Түркия тысында өмір сүретін түріктер ретінде бақыттымыз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар