Ердоған Анкара Аренада баяндама жасады

Ердоған табысты өткен күндерін бағаландырды.

105246
Ердоған Анкара Аренада баяндама жасады

Ердоған елбасы болып сайлануы соң емес екенін, бір бастама болатынын айтты.
Әділет және өркендеу партиясының Анкара Аренада өткізілген Кезектен тыс үлкен конгресінде сөйлеген Ердоған бір арманды іске асыруда кеңесудің, ақылдасудың, ортақ ақылдың, ортақ шешімдердің маңыздылығына тоқталды және арманның мәртебе арманы емес екенін атап өтті.
Ердоған баршаға құшақ ашқан үндеулер тастады.
Міндеті кезінде экономиканың қалыпқа түскенін дәріптеген Ердоған Түркияның Халықаралық Ақша Қорына қарызын төлегенін, саясаттағы көлеңкенің қарсылықтарға қарамай, аяқталғанын білдірді.
Террордың жойылуы, аққан қанның тоқтауы үшін батыл қадамдардың, Еуроодақ жолында мықты қадамдардың басылғанын білдірген Ердоған демократиялық реформаларды атқарғандарын, адам құқы және еркіндіктерін өскелең өреге көтергендерін дәріптеді.
«Бүгін Түркияның болашағы әрбір кезеңдегіден де нұрлы бір күн» деген Ердоған барлық істің шешім әдісінің саясат екенін білдірді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар