Республикалық Халық партиясының облыстық комитет басшылары жиыны

Облыстық комитет басшыларының көпшілігі Кемал Кылычдароғлуна қолдау береді

96114
Республикалық Халық партиясының облыстық комитет басшылары жиыны

Республикалық Халық Партиясының облыстық комитет басшылары партияның төтенше құрылтайы қарсаңында Невшехирдің Гүлшехир ауданында бас қосты.
5-6 қыркүйекте Республикалық Халық партиясының төтенше құрылтайы өтеді. Осыған орай партияның 78 облыстық комитет басшысы бас қосты.
Бұл жиналыста облыстық комитет басшылары аталмыш құрылтайда Кемал Кылычдароғлуна қолдау беруге шешім қабылдады.
Шешімге Ялова, Спарта мен Дүзже облыстық комитеттерінің басшылары қарсы шықты.
Облыстық комитет басшылары атынан жасалған мәлімдемені Республикалық Халық партиясының Ыстанбұл облыстық комитеті басшысы Оғуз Каан Салыжы оқыды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар