Президент сайлауының нақты нәтижелері шықты

Эрдоғанның мандаты парламент төрағасы Жемил Чичекке табыс етілді

92472
Президент сайлауының нақты нәтижелері шықты

Бұған қарағанда Режеп Тайып Эрдоған жалпы Түркия бойынша 21 миллион 143 дауыс алып, 51,79 пайызбен Түркия Республикасының 12-ші президенті болды.
Жоғарғы сайлау комитеті жариялаған мәліметтерге қарағанда проф. Экмеледдин Ихсаноғлу 38,44 пайыз дауыс алса, Селахаттин Демирташ 9,76 пайыз дауыс жинаған.
Сайлау нәтижесі туралы мәлімдеме жасаған Жоғарғы сайлау комитеті басшысы Сади Гүвен Эрдоған үшін әзірленген мандатты парламент төрағасы Жемил Чичекке табыс етті.
Режеп Тайып Эрдоған үшін 28 тамызда Абдуллах Гүлдің қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін, парламентте ант беру мерәсімі ұйымдастырылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар