Тасымалдау министрі Лүтфи Элван үшінші әуежай туралы мәлімет бер

Ыстанбұлдағы үшінші әуежай үшін мемлекет ешқандай қаржы жұмсамайды

91719
Тасымалдау министрі Лүтфи Элван үшінші әуежай туралы мәлімет бер

Тасымалдау, теңізшілік пен байланыс министрі Лүтфи Элван Даламан әуежайы тендерін ұтып алған фирманың мемлекеттік әуежайлар мекемесіне алғашқы төлемақы салу мерәсіміне қатысты.
Тасымалдау, теңізшілік пен байланыс министрі Лүтфи Элван құрылысы жүріп жатқан Ыстанбұлдағы үшінші әуежайға мемлекет тарапынан ешқандай қаржы жұмсалмағанын айтты.
Элван осы мерәсімде жасаған мәлімдемесінде құрылысы біткеннен кейін жолаушы саны жағынан әлемде ең үлкен әуежай болатын Ыстанбұлдағы үшінші әуежай үшін 10 миллиард еуро жұмсалуы мүмкін екенін білдірді.
Лүтфи Элван әуежай қызметке берілгеннен кейін мемлекет қазынасына жыл сайын 1 миллиард еуро кіріс келетініне назар аударды.
Соңғы жылдарда азаматтық авиация саласында ауқымды істер тындырылғанын айтқан Лүтфи Элван салынған инвестициялардың арқасында Түркияның әуе жолымен тасымалдауда маңызды орталықтардың бірі болып отырғанын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар