Түркия Иракта лагерь құрады

Духок және Захода ирактық босқындар үшін салынатын лагерь алаңында құрылыс жұмыстары басталды.

91071
Түркия Иракта лагерь құрады

Премьер-министрлікке қарасты Апат және төтенше жағдай басқармасының Духок және Захода ирактық босқындар үшін салынатын лагерь алаңында құрылыс жұмыстары басталды.


Духоктың Шария деген жерінде 30 жұмыс машинасы жұмыс істей бастады. Осы аймақты Апат және төтенше жағдай басқармасы тобы Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі лауазымдыларымен бірге анықтаған болатын.


Шария шатыр лагерінде алғашқы сатыда 10 мың адам тұратын болады. Артынан лагерь кеңейтіліп, одан да көп адам тұратын болады.


Екінші лагерь құрылысы Духоктың Захо өңірінде басталды. Бесива шатыр лагерінде де 10 мың адам тұратын болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар