Жаңа премьер-министрді анықтау үдерісі жалғасуда

Ердоған партия мүшелерімен ақылдасады.

88886
Жаңа премьер-министрді анықтау үдерісі жалғасуда

Әділет және даму партиясында төраға және премьер-министрді анықтау үшін ақылдасу үдерісі жалғасуда.

Премьер-министр Режеп Таип Ердоған бейсенбі күні партиясының қалалық филиал басшыларымен, жұма күні болса депутаттармен бас қосады. 

Ердоғанның Түркияның президенті ретінде сайлауынан кейін Әділет және даму партиясының жаңа төрағасы мен премьер-министрді анықтау күн тәртібінде.


27 тамыз күні партияның кезектен тыс құрылтайы өтеді және алдымен партия басшысы сайланады.


28 тамыз күні Чанкая сарайына шығатын Ердоған Әділет және даму партиясының жаңа төрағасына үкімет құру міндетін береді.


Құрылтайға дейін партияда ақылдасу жалғасады.


Партияның орталық кеңесінің жиналысын өткізген Режеп Таип Ердоған бейсенбі күні партияның қалалық басшыларымен кездеседі. Артынан жұма күні болса депутаттармен бас қосады.


Ердоған екі жиналыста да партия мүшелеріне «Әділет және даму партиясының төрағасы ретінде кімді қалар едіңіз?» деп сұрайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар