Әлем басшыларынан премьер-министр Режеп Таип Ердоғанға құттықтау

Еуропадан Орташығысқа дейін әлем басшыларынан құттықтаулар келуде

88360
Әлем басшыларынан премьер-министр Режеп Таип Ердоғанға құттықтау

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун премьер-министр Режеп Таип Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісі себепті құттықтады.
БҰҰ Бас хатшысы мәлімдемешісінің орынбасары Ферхан Хак ТРТ тілшісіне жасаған мәлімдемесінде «Бас хатшы Пан тұңғыш рет президентін демократиялық және табысты түрде сайлаған түрік халқын құттықтайды» деді.
Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде болса «Премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның президент сайланумен құттықтаймыз» делінді.
Министрлік мәлімдемешісі Мэри Харф да күнделікті баспасөз жиналысында түрік халқының тұңғыш рет тікелей президент сайлағанын атап көрсетті.
Украина президенті Петр Порошенко, Македония президенті Джорж Иванов, Хамас саяси бюро шефі Халит Мешал, Италия премьер-министрі Маттео Рензи, Грекия премьер-министрі Антонис Самарас және Катар Әмірі Шейх Тамим Бин Хамад Ал Тани де Ердоғанға телефон арқылы құттықтауын жеткізген басшылар болды.
Косова премьер-министрі Хашим Таджи, Палестина елбасы Махмуд Аббас, Ауғанстан президенті Хамид Карзаи, Мысырдың әскери төңкеріспен қызметінен алыстатылған Мұхаммед Мурси болса жазбаша құттықтау жолдады.
Тунис, Ливан, Сомали, Джибути және Эфиопияда құттықтау жолдаған мемлекеттер арасында орын алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар