Израиль шабуылдарында жараланған газалықтар Түркияға әкелінеді

Алғашқы сатыда 3 әйел, 1 бала барлығы ауыр жараланған 4 газалық науқас Түркияға әкелінді

86687
Израиль шабуылдарында жараланған газалықтар Түркияға әкелінеді

Израильдің шабуылдарында жараланған газалықтар Түркияда емделеді.
Израильдің Газаға шабуылдарында 2 мыңға жуық адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алды.
Жаралылар үшін палестиналық және израильдік лауазымдылармен байланыс жүргізген Түркия газалықтардың Түркияда емделуі тақырыбында келісімге келді.
Сыртқы істер министрлігі мен Денсаулық Сақтау министрлігі, Премьер-министрлік апат және төтенше жағдайлар басқармасы «АФАД» және Түрік Қызылайының ынтымақтастығымен жүзеге асқан жұмыстар нәтиже берді.
Алғашқы сатыда 3 әйел, 1 бала барлығы ауыр жараланған 4 газалық науқас Түркияға әкелу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі бір әуе жедел құтқару ұшағы Израильге жіберілді.
Жаралыларды алған әуе құтқару ұшағы Анкара Эсенбоға әуежайына қонды.
Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу, Денсаулық сақтау министрі Мехмет Мүеззиноғлу және АФАд пен Түрік Қызылайы лауазымдылары науқастарды қарсы алу үшін әуежайға келді.
Давутоғлу «Жаралылардың емделуі тақырыбында Газада электр желісі үзілгені себепті қиыншылықтар бар. Соңғы күндері осы байланыстардың шоғырлануы нәтижесінде құрметті Джон Керри және Халид Мешалмен телефонда әңгімелестік. Және ақырында Газадағы жаралыларды әкеле бастадық. 4 жаралы әкелінді. TC130 ұшақтарымен әрқайсысы қырық адамнан науқасты таси алатындай, мұны бір әуе көпірі ретінде үздіксіз бір айналыммен ары кетсе 200 науқасты Түркияға әкеліп, емдеуді жоспарлаймыз» деді.
Сондай-ақ әрі дәрігер, әрі Сыртқы істер министрінің жұбайы Саре Давутоғлу жаралыларды қадағалап отырады.
Одан көп жаралыны Түркияға әкелу жұмыстары жалғасуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар