Эрдоған жеке телеарнада сұрақтарға жауап берді

Премьер-министр күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып кетті

84382
Эрдоған жеке телеарнада сұрақтарға жауап берді


Жеке бір телеарнаға қонақ болған премьер-министр Түркияда террордың бітуі керектігіне назар аударды және мұны Түркияның 7 аймағында тұратын 77 миллион халықтың көмегімен жүзеге асатынын айтты.
Премьер-министр Эрдоған террормен күрес үшін жүргізіліп жатқан жобалардың жалғаса беретінін айта келіп, «тауға шыққандарды үйлеріне қайтуға шақырамыз»- деді.
АҚШ-тың Иракта ИЛИМ экстремистеріне қарсы әуе операциялары мен Мосул консулдығының кепілдікке алынған 49 қызметкері туралы сұрақтарға да жауап берген Эрдоған «Қазір олардың қолында 49 отандасымыз бар. Сондықтан байқап әрекет жасауымыз керек. Олардың жанұяларымен хабарласып отырмын. Олардың жағдайы туралы мәлімет алып отырмын. Олар бізді жақсы түсініп отыр. Қазір жасап жатқан іс-қимылдарымыздың дұрыс екенін айтып отыр. Американың іс-қимылы біздің жағдайымызға ұқсамайды» -деді.
Эрдоған сондай-ақ түрікмендерге де, Езидтерге де азық-түлік жәрдемі жеткізіп жатқандарын білдірді және «Ирактың барлық аймағында проблемалардың шешілуін қалаймыз»-деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар