Түркия Израильдің Газаға шабуылдарын қатаң түрде айыптады

Мәлімдемеде Израильдің жазықсыз адамдарды өлтіргеніне назар аударылды

74913
Түркия Израильдің Газаға шабуылдарын қатаң түрде айыптады

Сыртқы істер министрлігі Израильдің Газаға бағытталған соңғы шабуылдарында электр станциясын, БҰҰ палестиналық босқындарға жәрдем мекемесі мектептерін, ауруханалар мен мешіттерді нысанаға алуының осы елдің шекара танымайтын жауыздығын көрсетуі тұрғысынан үлгі екенін атап көрсетті.
Министрліктен жасалған мәлімдемеде Израильдің халықаралық қоғамның бүкіл шақыруы мен ескертуіне қарамастан Газаға шабуылдарын арттыра отырып жалғастыруын айыптағаны білдірілді.
Мәлімдемеде «Араларында көптеген әйел мен бала да бар жазықсыз палестиналықтардың қаза табуына себеп болған осы шабуылдарды айыптай отырып, қаза тапқандарға Алланың рақымшылығын, отбастары мен бауырлас Палестина халқына көңілімізді айтамыз. Жарақат алғандарға да шипа тілейміз. Израиль қазірге дейін көпшілігі жазықсыз 1 мың 200-ден астам палестиналықтың қаза табуына, мыңдаған адамның да жаралануына себеп болған және адамзатқа қарсы уайымдарды арттырған қылмыстық шабуылдарын дереу тоқтату керек» делінді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар