«Түркия «анти-Семитист» емес»

Премьер-министр Ердоған Израильге қарсы шыққан Түркияның тұғырын жеткізді.

71371
«Түркия «анти-Семитист» емес»

Премьер-министр Режеп Таип Ердоған құқық пен халықаралық қағидаларды аяқ-асты еткен Израильге қарсы Түркияны «анти-семитист» сияқты көрсету талпынысы болғанына назар аударды.
Ердоған «Ұлтымыздың және еліміздің тарихында анти-семитизм бүгін де жоқ, бұдан былай да болмайды» деп көрсетті.
Премьер-министр Режеп Таип Ердоған Стамбұлда Өнеркәсіпшілер мен іскерлер қоғамының ауыз ашар асына қатысты.
Ердоған ауыз ашарда Израильге қарсы Түркияны шетке қағу талпынысы болғанына тоқталды.
«Қазір бізді «анти-семитист» сияқты көрсету талпынысы бар. Анти-семитист болғанымыз үшін емес, осы қаралау арқылы бізді шетке қағу мақсатымен істеліп отыр» деген Ердоған анти-семитизмнің әлемде адамгершілікке жат қылмыс екенін айтқан әлемде тұңғыш мұсылман премьер-министр болармын» деді.
«Түркияның үнін өшіре алмағандықтан Мысырдың үнін өшірді» деген Ердоған Мысырдың Рефах шекара қақпасын жауып, газалықтарды денсаулық жабдықтарынан мақұрым тастағанын айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар