Израильге ұшу сапарларын тоқтату мерзімі ұзартылды

Израильге ұшуға тиым тағы 24 сағатқа ұзартылды

68985
Израильге ұшу сапарларын тоқтату мерзімі ұзартылды

Тасымалдау министрлігі Израильге ұшу сапарларын тоқтатудың тағы 24 сағатқа ұзартылғанын білдірді.
Тасымалдау, теңізшілік пен байланыс министрі Лүтфи Элван кеше Анкарада баспасөз өкілдерімен ауызашар дастарханында бас қосты.
Лүтфи Элван Түрік әуе жолдары фирмаларының Израильге ұшу сапарларын тоқтату шешімінің қауіпті жағдайдың жалғасуына байланысты тағы да ұзартылғанын білдірді.
Ал АҚШ әуе жолдары компаниялары Израильге ұшу сапарларын қайтадан бастады.
Бұдан бұрын Ben Gurion әуежайыгың жақынына зымыран түсуіне байланысты АҚШ әуе жолдары фирмалары Израильге ұшу сапарларын 24 сағатқа тоқтатқан болатын. Бұл шешімді Республикашыл сенатор Тед Круз бастаған кейбір саясатшылар мен Израиль үкіметі сынға алған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар