Грекияға бару үшін шыққан босқындардың қайығы суға кетті

Босқындарды Измирлік балықшылар құтқарды

65549
Грекияға бару үшін шыққан босқындардың қайығы суға кетті

Измирде заңсыз жолдармен Грекия аралдарына баруға әрекет жасаған босқындарды суға кетуден балықшылар құтқарды.
Аймаққа жағалау құтқару катерлері мен тікұшақтары жіберілді.
Бірі әйел 9 босқын суға кетуден құтқарылды. 1 қыз баланың мәйіті шығарылды.
Суға батқан қайықта 12 кісі болғаны, суға кеткен екі адамның біреуінің бала екені анықталды.
Жасырын түрде Грекия аралдарына бару үшін Адабоғазы аймағынан теңіз арқылы шыққан босқындардың қайығы жексенбі күні шыққан дауылда суға батқан болу керек деген болжам жасалып отыр.
Құтқарылған босқындар денсаулық бақылауынан өткеннен кейін жандармерияға табыс етілді.
Бюрократиялық жұмыстар біткеннен кейін босқындар депортация үшін Шетелдіктер департаментіне жіберіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар