Президенттік жол картасы дайындалуда

Бағдарлама құжаты 11 шілде жұма күні жарияланады.

122459
Президенттік жол картасы дайындалуда

Премьер-министр Режеп Таип Ердоған үшін президенттік жол картасы дайындалуда.


Әділет және өркендеу партиясы президент лауазымына кандидат Ердоған үшін бағдарлама құжатын 11 шілде жұма күні жариялайды.


Дайындық премьер-министр Ердоғанның сайлау кеңсесінде жалғасуда.


Аталмыш құжат премьер-министр Ердоғанның президенттікке байланысты нысаналары мен уәделерін қамтиды.


Жаңа атазаңнан террордың доғарылуы үшін жүргізілген шешім үдерісіне, дін секталары проблемасынан Еуропа Одағына, демократия, құқық пен еркіндіктерге дейін көптеген тақырып осы бағдарламада орын алады.


Бағдарлама салтанатты түрде жарияланады. Рәсімге өнер әлемінің танымал тұлғалары мен түрлі азаматтық ұйымдардың өкілдері қатысады. Өнер қайраткерлері Орхан Генжебай, Сезен Аксу, Ажда Пеккан, Ибрахим Татлысес шақырылды.


Стамбулдағы Халич конгресс залдағы рәсімге шетелдік дипломаттардың да қатысуы күтілуде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар