Түркияда сайлау үдерісі басталып кетті

Әзірге үш кандидат жарияланды.

115158
Түркияда сайлау үдерісі басталып кетті

Түркияда алғаш рет президентті халық сайлайтын сайлау үдерісі басталды.


Екмеледдин Ихсаноғлу мен Селахаддин Демирташтан кейін Әділет және даму партиясының кандидаты да белгілі болды.
Премьер-министр Режеп Таип Ердоған Түркия Республикасының 12-ші президенті анықталатын сайлауда биліктегі партияның үміткері болады.


Қазірге дейін үш кісінің кандидатурасы жарияланды. Ертең сағат 17-де кандидатура үшін берілген мерзім аяқталады.
Жоғары сайлау кеңесі өтінімдерді 5 шілде сенбі күні тексере бастайды және анықталған олқылықтардың толықтырылуы үшін тараптарға жазбаша хабар жолдайды.


Олқылықтар толыққаннан кейін президенттікке уақытша үміткер тізімі 8 шілде сейсенбі күні Ресми газетте жарияланады.
Президенттікке кандидаттардың нақты тізімі болса 11 шілде күні белгілі болады. Артынан үгіт-насихат кезеңі басталады.
26 шілде күні Кеден қақпаларында және 3 тамыз күні шетелдердегі өкілеттіктерде дауыс беру басталады.


Түркия болса 10 тамыз күні сандыққа жүгінеді.
Сайлауда өтімді дауыстардың басым көпшілігін жинаған кандидат президент болып сайланады. Бірінші турда басым көпшілік даусы алынбаса, 24 тамыз күні екінші тур өткізіледі.
Осы турда бірінші турда ең көп дауыс жинаған екі кандидат сайысады және көпшілік дауысты алған тұлға президент болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар