Түркия мәжілісінің төрағасы Моңғолстанда

Түркия мен Моңғолстан Парламент аралық ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

105263
Түркия мәжілісінің төрағасы Моңғолстанда

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Жемил Чичек Моңғолстанның астанасы Ұлан Батырда парламентке барды, әріптесі Зандакху Енкболдпен бас қосты. Артынан делегация аралық кездесу өтті.
Чичек пен Енкболд артынан Түркия мен Моңғолстан Парламент аралық ынтымақтастық хаттамасына қол қойды. Екі төраға Түркия мен Моңғолстан арасындағы саяси және экономикалық серіктестіктің маңызына тоқталды.
Чичек «Түрікмен мен маңғолдар, тарихтың екі ұлы ұлты, империя құрған екі ел» деді.
Екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнауының 45 жылдығына төп келген сапардың мағыналы өткенін айтқан маңғол мәжілісінің төрағасы да Түркиямен тұрғын үй, құрылыс, инфрақұрылым, энергия және туризм салаларында ықпалдастықтардың күн тәртібіне келгенін білдірді.
Ресми сапар аясында түрік мәжілісінің төрағасы сонымен бірге президент Тсакзиягин Елбегдорж және премьер-министр Нировин Алтанхуягпен де кездесті. Артынан Чичек ТИКА жобалаған «Моңғолстан парламенті баспасөз орталығы жихаздарының жаңалануы» және «Э-кітапхана» жобаларының ашылу салтанатына қатысты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар