Эрдоған Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті

Сұхбатта аймақтық мәселелер талқыланды

105166
Эрдоған Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті

Премьер-министр Эрдоған АҚШ президентінің орынбасары Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл телефон сұхбатында Эрдоған мен Джо Байден Иракта кепілдікке алынған түрік азаматтарын босату үшін жасалуы керек іс-шараларды талқылады.
Премьер-министрліктен алынған мәліметтерге қарағанда бұл сұхбатта Ирак және басқа аймақтық мәселелер туралы да сөз болды.
Иракта мәзхәп қақтығыстары шығу мүмкіндігі алаңдатып отырғанын білдірген премьер-министр Эрдоған мен Байденнің елдің территориялық біртұтастығы мен саяси бірлігінің сақталып қалуы, террормен күресте жеңіске жету үшін жедел түрде келісім үкіметі құрылу керектігіне назар аударғаны білдірілді.
Телефон сұхбатында Эрдоғанның түрікмендер тығыз орналасқан аймақтарға 12 маусымнан бастап гуманитарлық жәрдем жіберіліп жатқанын айтқаны да мәлім болды.
Шамамен 45 минутқа созылған телефон сұхбатында екі лидер аймақта Түркия мен АҚШ-тың бірігіп әрекет жасауы туралы келісімге келді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар