Түркия Керкүкке жаңа жәрдем материалдары жіберді

Ирактағы қақтығыстар түрікмендердің жағдайын қиындата түсті

104209
Түркия Керкүкке жаңа жәрдем материалдары жіберді

Иракқа қатты әсерін тигізген қақтығыстар жалғасып жатқанда, Түркияның аймаққа жәрдемдері де үздіксіз жалғасуда.
Түрікмендердің жедел қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін дайындалған мың 150 азық-түлік пакетін тасымалдаған жүк көлігі Керкүкке ұласты.
Керкүкке ұласқан көлікте 5 адамнан тұратын бір отбасының 10 күндік қажеттілігіне жауап беретін азық-түлік материалдары бар.
Сыртқы істер министрлігінің Ирак дағдарыс үстелінен жасалған мәлімдемеде аймаққа жасалған гуманитарлық жәрдемнің ұйымдастырылуы үшін жолға шыққан 4 АФАД пен 2 ТИКА қызметкерінің де Эрбилге ұласқаны білдірілді.
Мәлімдемеде ұрланған азаматтарға қатысты қажетті жұмыстардың да жалғасқанына назар аударылды.
Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу болса твидтер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Жәрдемдерді ұйымдастыру үшін түрікмен лауазымдылармен үздіксіз диалог жүргіземіз. Түрікмендерден бастап, барлық ирактық бауырларымызға осы қиын уақытта әртүрлі жәрдемді жасауға дайынбыз» деген мәлімдеме жасады.
Давутоғлу сондай-ақ Ирак Түрікмен майданы төрағасы Эршад Салихи және Керкүк уәлаяты Мәжіліс төрағасы Хасан Туранмен телефонда әңгімелесті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар