Түркия Иракқа жәрдем материалдарын үздіксіз жеткізуде

Премьер-министрлік апат және төтенше жағдайлар басқармасы мәлімдеме жасады

102822
Түркия Иракқа жәрдем материалдарын үздіксіз жеткізуде

Премьер-министрлік апат және төтенше жағдайлар басқармасы «АФАД» Иракты жалғыз қалдырмады.
Премьер-министрлік апат және төтенше жағдайлар басқармасы «АФАД» Иракта болып жатқан гуманитарлық дағдарыс себепті аймаққа жәрдем жіберді.
Басқарманың аймаққа осы күнге дейін 41 мың адамға азық-түлік пакеті, 110 мың көрпе, мың 920 төсек, 2 мың асхана материалы, 12 мың 500 адамға шатыр және 217 мың 982 дәрі-дәрмек жібергені білдірілді.
Басқармадан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ирактың Синжар ауданына жасалған жәрдемдердің артынан Керкүктегі мұқтаж адамдарға да гуманитарлық жәрдемдердің жіберіле бастағаны атап көрсетілді.
Сондай-ақ АФАД-тың ұйымдастыруымен Қызылай тарапынан 17 көп мақсатты шатыр, 10 мың 848 дана 1,5 литрлік су және 906 мың 924 дана печеньенің аймаққа жеткізілгені атап көрсетілген мәлімдемеде АФАД-тың жәрдемдерді жалғастыратыны да білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар