Премьер-министр Эрдоған Венада

Эрдоған Австриядағы түрік диаспорасымен кездесті

100899
Премьер-министр Эрдоған Венада

Премьер-министр Эрдоған 3 күндік Еуропа турының алғашқы аялдамасы Венада.
Премьер-министр Эрдоған Австрияда Еуропа түрік демократтар одағының құрылуының 10-жылдық мерейтойына арналған іс-шарада сөз сөйледі.
Эрдоған «Біз Австрияда, Германияда, Еуропаның басқа елдеріне еңбегі сіңген, үнемі бейбітшілік пен достық үшін қызмет еткен халықпыз» -деді.
«Ешкім де Түркияның өсуінен қорықпасын, ешкім жаңа Түркиядан үрікпесін» деген Эрдоған Түркияның Еуропа үшін аса маңызды мүмкіншілік екенін айтты.
«Жаңа Түркия - Еуропаның маңызды әріптесі, шығу жолы» деген премьер-министр Эрдоған Түркияның Еуропаның әлемге, шығысқа және мұсылмандарға ашылатын қақпасы екенін білдірді.
Өз сөзінде Ирактағы жағдайға да тоқталып кеткен премьер-министр Эрдоған «Қазір Ирак өрт ішінде. Ирактағы бауырларымыз тағы да қайғы-қасірет ішінде. Ал күллі әлем қол қусырып қарап отыр, Еуропа қол қусырып қарап отыр. Біз сол өртті сөндіру үшін қолымыздан келгенше күш жігер салып жатырмыз. Ирактағы бауырларымызға олардың бір-бірімен соғыспауы керектігін қайта-қайта ескертіп жатырмыз»-деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар