Ақтүтінде әскери операция

ПКК террористеріне қарсы әскери операция басталды

96643
Ақтүтінде әскери операция

ПКК террор ұйымы Ақтүтін әскери базасына сүт апара жатқан автокөлікті өртеп жіберуіне байланысты Түрік қарулы күштері аймақта әскери операция басталғанын мәлімдеді.
Мәлімдемені Түрік қарулы күштері бас штабы жасады.
Хаккари-Семдинли-Ақтүтін қара жолы үстіндегі Мэхенди көпірі маңайында Ақтүтік әскери базасына тиесілі сүт таситын автокөлік кеше 3 ПКК террористі тарапынан тоқтатылып, өртелген.
Осыған орай аймаққа адамсыз басқарылатын әуе аппараты жіберілді.
Сонымен қатар көлік өртелген аймақты шабуыл тікұшақтары да атқылады.
Кеше кешкісін аймақта әскери операция басталды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар