Премьер-министр Ердоған Трабзонда

Премьер-министр Ердоған үш күндік Қаратеңіз сапарын бүгін аяқтайды

95622
Премьер-министр Ердоған Трабзонда

Премьер-министр соңғы күнгі байланыстары үшін Трабзон қаласына барды.
Премьер-министр алдымен Трабзон губернаторлығында «Блумберг» медиа тобы басшысы, БҰҰ Бас хатшысы «Климат өзгерісі арнайы өкілі» және Нью-Йорктың бұрынғы қала әкімі Майкл Блумбергті қабылдады.
Қабылдау барысында Блумберг мекемелік денсаулық сақтау, темекімен күрес және жол қауіпсіздігі сияқты тақырыптарда Түркияның соңғы 12 жылда реформалар жасағанын атап көрсетті.
Премьер-министр болса кездесуде Блумбергке жүзеге асқан жұмыстардың нәтижелерін көре бастағанына ризашылығын білдірді.
Премьер-министр осы кездесудің артынан Трабзон қала әкімшілігіне зиярат жасады.
Премьер-министр Ердоған Трабзонда топтық ашылу мерәсімдеріне қатысып, азаматтарға үн қатады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар