Давутоғлу мен Зебари телефонда сөйлесті

Зебари Ирак орталық әкімшілігі басқан қадамдар жайлы мағлұмат берді

92330
Давутоғлу мен Зебари телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу Ирак Сыртқы істер министрі Хошяр Зебаримен телефонда сөйлесті.
Түркияның Мосул консулдығына жасалған басқынның артынан Нью-Йорк байланыстарын тоқтатып елге оралған Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлуның телефон дипломатиясы жалғасуда.
Давутоғлу азанғы уақытта Ирак Сыртқы істер министрі Хошяр Зебаримен телефонда әңгімелесті.
Әңгіме барысында «Ирак және Левант ислам мемлекеті» экстремисттік тобының шабуылдары Мосулдағы жағдай мен Бағдат Орталық әкімшілігі басқан қадамдар талқыланды.
Давутоғлу Нью-Йорктан оралмай тұрғанда, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен сөйлескен еді. АҚШ әкімшілігі шабуылды қатаң түрде айыптаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар