Иран президенті Хасан Рухани Түркияда

Екі көшбасшы ортақ декларация қабылдады

88659
Иран президенті Хасан Рухани Түркияда

Премьер-министр Эрдоған мен Хасан Рухани Түркия-Иран жоғары деңгейдегі ынтымақтастық консилиумының 1-ші жиынында бас қосты.
Жиыннан кейін премьер-министрліктің баспасөз орталығы екі лидер келісімге келген ортақ декларация мәтінін жариялады.
Декларацияда екі ел халықтарының даму деңгейін жоғарылататын және аймақта тұрақтылықтың орнауына үлес қосатын экономикалық және сауда байланыстарын дамытудың маңызына назар аударылған.
Декларация бойынша 2015-жылдан бастап сауда көлемін 30 миллиард АҚШ долларына шығару көзделіп отыр.
Күн тәртібіндегі басқа мәселелер банк пен энергетика саласындағы әріптестік еді. Тараптар туризм, банк және энергетика саласындағы әріптестіктерін одан әрі нығайтуға әзір екендерін білдірді. Екі ел арасында ұшу сапарларын арттыру мәселесінде де келісім жасалды.

Ортақ декларацияда Түркия мен Иранның атом қарулары мен басқа да жойғыш қарулардан тазаланған Таяу Шығысты қалайтындары жазылған.
Терроризм, қылмыстық ұйымдар, нашақорлық пен қару-жарақ контрабандасымен бірігіп күресу мәселесінде де жоспарлар белгіленді.
Сирия, Ирак мен Ауғанстан сияқты аймақтағы қақтығыстар болып жатқан елдерде диалог жолдарын белгілеу мен гуманитарлық жәрдем жеткізу талқыланды.
Палестина мәселесі де айрықша атап өтілді. Декларацияда Палестина, Палестина халқының мүддесі үшін жаңа құрылған Палестина Ұлттық бірлік үкіметіне қолдау көрсетуге үндеу тасталды.
Сонымен қатар Иран Түркияның 2015-2016 жылдарында Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік комитетіне уақытша мүшелігіне үміткер болуына қолдау беретіндерін мәлімдеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар