Президент Гүл мен қонақ елбасы баспасөз жиналысы өткізді

Екі басшы аймақтық мәселелер мен ынтымақтастыққа назар аударды

88609
Президент Гүл мен қонақ елбасы баспасөз жиналысы өткізді

Хасан Рухани Анкара байланыстарын бастады.
Президент Абдуллах Гүл ресми сапар аясында Түркияға келген Иран президенті Хасан Руханиді ресми мерәсіммен қарсы алды.
Гүл және Рухани мерәсімнің артынан жеке кездесті.
Кездесде екі ел ынтымақтастығы, аймақтық тақырыптар және экономика күн тәртібіне келді.
Жеке және делегация аралық кездесудің артынан Гүл мен Рухани ортақ баспасөз жиналысы ұйымдастырды.
Президент Абдуллах Гүл баспасөз жиналысында «Бұл аймақтың екі үлкен мемлекеті тамыры терең салты, тарихымен екі үлкен елдің ынтымақтастығы әрине аймақтағы тұрақтылық, тыныштық пен қауіпсіздіктің және экономикалық ынтымақтастықтың дамуына да өте үлкен үлес қосады. Екі ел ретінде аймақтағы мәселелерді шешуге қалай үлес қосамыз, қайғыларды қалай жоямыз, дамыған аймақтағы тұрақсыздықты, бұдан пайда болған лаңкестік әрекеттердің алдын қалай алармыз, осы тақырыптарда өте пайдалы бір кездесу жасадық» деді.
Иранның ядролық бағдарламасымен байланысты Гүл мәселеге дипломатиялық әдістермен шешім табу керектігін атап «Аймақта ешбір мемлекеттің ядролық қаруға ие болғанын қаламаймыз. Жаппай жою қаруларынан тазартылған Орташығыс көзқарасымызды жалғастырамыз. Басқа жағынан ешбір мемлекеттің ядролық энергиядан бейбітшіл мақсаттармен пайдалану құқынан мақұрым қалдырылуына да рұқсат етпейміз» деді.
Қонақ елбасы Рухани «Бүгінгі кездесуіміз күдіксіз екі ел ынтымақтастығы үшін маңызды бір саты болып табылады. Сирия және Мысыр тақырыптарын талқыладық. Осы елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін келісімге келулері, халық дауысының заңдылығы, сондай-ақ соғыстың аяқталуы мен қан төгістің тоқтауы біз үшін ең маңыздысы» деді.
Тегеран әкімшілігінен Анкараға елбасы деңгейінде соңғы ресми сапар 1996 жылы Иранның төртінші елбасы Хашими Рафсанжани жүзеге асырған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар