Орталық Банк басшысы Министрлер Кеңесінде баяндама жасады

Эрдем Басчы Түркия экономикасы туралы мәлімет берді

80946
Орталық Банк басшысы Министрлер Кеңесінде баяндама жасады

Орталық Банктің басшысы Эрдем Басчы инфляцияның маусым айынан бастап төмендейтінін болжамдап отырғанын білдірді
Эрдем Басчының премьер-министр Эрдоған төрағалығымен өткен Министрлер Кеңесі жиынында жасаған баяндамасы Орталық Банктің ғаламтор сайтында жарияланды.
Баяндамасында жаһандық өсудің байқалғанын және 2014-жылында да жалғаса беруін күтіп отырғанын айтқан Басчы Түркияда ұлттық табыстың өсу жылдамдығының 4 пайыз шамасында екенін білдірді.
Түркияда жұмысқа орналастыру дамыған елдермен салыстырғанда жақсырақ жүріп жатқанына назар аударған Басчы «Түркияда жұмысқа орналастырудағы арту 2014-жылы да жалғасуда. Әйел мен ерлердің жұмыс күшіне қатысу мөлшері жылдам дамып келеді» деді.
Экспорттың өсу мен тепе-теңдікке жақсы әсер еткенін айтқан Эрдем Басчы Түркияның несие беру көрсеткішінің 15 пайызға жеткенін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар