Премьер-министр Ердоған Германияда

Ердоған Кельн қаласында он мыңдаған түрік азаматына үн қатты

73073
Премьер-министр Ердоған Германияда

Премьер-министр Режеп Таип Ердоған Германияның Кельн қаласында он мыңдаған түрік азаматына үн қатты.
Премьер-министр Ердоған Еуропалық түрік демократтар одағының (UETD) құрылуының 10 жылдығы себепті кеше ұйымдастырылған іс-шараларда Еуропада өмір сүрген түріктермен бас қосты.
Ердоған сөзінің басында халыққа сәлем беріп, Маниса қаласына қарасты Сома ауданындағы кеніш апатына тоқталды.
Ердоған Түркиядағы қайғыны, шетелдегі азаматтардың да сезгенін, Түркияның жер жүзіндегі барлық достары мен бауырларының осы қайғыны бөліскенін атап көрсетті.
Сома апатының артынан қолдау бергендері үшін баршаға алғысын білдірген Ердоған Германия канцлері Ангела Меркельдің де телефон ашып көңіл айтқанын және қолдау беруге дайын екенін еске салды.
Ердоған әрі Түркияның, әрі Германияның өркендеуі мен өсуі, одан сенімді, одан тыныш мемлекеттер болуы үшін бірге қозғалуға мән бергенін атап көрсетті.
Германиядағы түріктерге «елдеріңіздегі тілдерді үйреніңдер» деген Премьер-министр Ердоған түрік тілінде ұмытпауларын және бірігулерін насихаттады.
Түркияның экономикасымен, қызметімен, адамдарымен, құндылықтарымен Еуропаның бір бөлшегі екенін атап айтқан Ердоған «Еуропа әсіресе де саясат қайраткерлері мұны жақсы түсінсің. Еуропа саясатының мәселелері Түркияны пайдаланумен емес, Түркиямен бірге шешіледі» деді.
«Бұл аймақта, жағрапияда біз де бармыз» деген Ердоған жаһандық мәселелерде пікір білдірудің Түркияның да хақы екенін атап «Енді күн тәртібін белгілеген бір Түркия бар» деді.
Еуроодаққа да үн қатқан Ердоған төңкерістерге үнсіз қарап отырған Еуропа мемлекеттері екенін атап Одақтың төңкерістерді төңкеріс деп айта алмауымен айыптады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар