9 мамыр - Еуропа күні тойланды

Анкарада 9 мамыр-Еуропа күніне орай джаз концерті өтті

64880
9 мамыр - Еуропа күні тойланды

Еуроодақ миссиясы мен Анкара сауда палатасы бірігіп ұйымдастырған джаз концертіне ықылас ерекше еді. Кешке қатысқан Еуроодақ министрі Мевлүт Чавушоғлу 2014 жылының Еуроодаққа толықтай мүшелік жылы болатынын айтты.
Түркияның Еуродаққа мүшелігі келіссөздері туралы пікір талас жасалған кеште сөз сөйлеген Еуроодақ министрі Мевлүт Чавушоғлу келіссөз үдерісінің әділ болуын қалайтындарын білдірді.
Кешті ұйымдастырған Еуроодақ миссиясының өкілі Стефано Мансервизи де сөз алып, Түркияның виза мәселесінде қиыншылықтар бар екеніне тоқталып кетті және «Түрік халқының да Еуропада визасыз саяхат етуі үшін күш жігер салуымыз керек. Біз Түркияда да, Еуроодақта да алған жолымыздан таймай ілгерілейтін боламыз. Түркия да, Еуроодақ та саяси табандылық таныту керек» деді. Кеште Түркия мен Еуроодақ әнұрандары оқылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар