Қазақстандағы су тасқынында мыңдаған адам эвакуацияланды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны туралы мәлімдеме жасады.

2122719
Қазақстандағы су тасқынында мыңдаған адам эвакуацияланды

Қазақстанда көктемнің келуімен еріген қар Ақтөбе мен Қостанай қалаларында су тасқынына әкеп, мыңдаған адам тікұшақ және қайықтармен эвакуацияланды.

Қазақстанда ауа райы жылынып, еріген қар суы елдің солтүстік, батыс және шығыс бөлігінде су тасқынына әкелді. Тасқыннан қатты зардап шеккен Ақтөбе мен Қостанай қалаларында өзен арнасынан тасып, кейбір елді мекендерді су басты.

Үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған мыңдаған тұрғын әскери тікұшақтар және жылдам қайықтар арқылы қауіпсіз аймаққа көшірілді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәлімдемеде су тасқынының салдарын жою жұмыстары жалғасып жатқаны айтылып, Ақтөбеде 21 наурыз күнінен бері кемінде 500 мың текше метр су сорылғаны атап көрсетілді. 50 мыңнан астам құм салынған қаптар қойылды.

Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе әуежайында су сору жұмыстары аяқталып, су басқан аумақтарда қалған жүздеген үй жануарларының қауіпсіз аймаққа жеткізілгені айтылды.

https://www.trthaber.com/videolar/kazakistanda-sel-binlerce-kisi-helikopterle-tahliye-edildi-71996.html 



Ұқсас жаңалықтар