Қазақстан азаматтарына Украинаның екі облысынан шұғыл кету жөнінде кеңес берілді

Өткен аптада Украина президенті Владимир Зеленский Ресейддің  алдағы айларда үлкен шабуыл жасайтынын айтқан еді.

2122230
Қазақстан азаматтарына Украинаның екі облысынан шұғыл кету жөнінде кеңес берілді

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Одесса және Харьков облысындағы шиеленіс пен тұрақсыздыққа байланысты Қазақстан азаматтарына сол өңірлерден кету мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

Қазақстанның сыртқы миссиясы Украинадан Қазақстанға Польша мен Молдова арқылы қайтатын екі бағыт бар екенін мәлімдеді.

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Одесса және Харьков облыстарындағы жағдайдың шиеленісуі мен тұрақсыздыққа байланысты Қазақстан азаматтарына осы өңірлерден кетуге кеңес берді. «Украинадан шығу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Польша немесе Молдова арқылы өтетін жерүсті бағыттарын, одан кейін коммерциялық рейстерді пайдалана алатынын ескертеміз» - делінген хабарламада. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек. Ал Молдова арқылы қайту үшін бұл құжат қажет емес. Елшілік сонымен қатар азаматтарды әуе дабылын елеусіз қалдырмауға және қиын жағдайда дереу пана іздеуге шақырды.

Елшілік Украинадан кеткісі келетін өз азаматтарына қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеуде.

Өткен аптада Украина президенті Владимир Зеленский Ресейддің  алдағы айларда үлкен шабуыл жасайтынын айтқан еді.



Ұқсас жаңалықтар