Ердоған Құрбанқұлы Бердімұхамедовпен кездесті

Президент Ердоған Анталия дипломатиялық форумына қатысқан мемлекет және үкімет басшыларымен кездесулерін бастады.

2109728
Ердоған Құрбанқұлы Бердімұхамедовпен кездесті
erdoğan radev.jpg

Президент Режеп ТайыпЕрдоған Анталия дипломатиялық форумына қатысқан мемлекет және үкімет басшыларымен кездесулерін бастады.

Президент Ердоған Түрікменстан Ұлттық Кеңесінің Мәслихат төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхамедовпен кездесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда кездесуде Түркия мен Түрікменстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, аймақтық және жаһандық мәселелер, Израильдің жазықсыз бейбіт тұрғындарға жүйелі шабуылдары талқыланды.

Ердоған Түрікменстанмен барлық салада пайда әкелетін өзара қадамдардың барған сайын жалғасуы және екі ел арасындағы сауда көлемінің 5 миллиард доллар деңгейіне жетуі үшін күш-жігердің артуы керектігін білдірді.

Кездесуде президент Ердоған Израильдің азық-түлік көмегін күткен бейбіт тұрғындарға жасаған шабуылының қабылданбайтынын, Түркия мен Түрікменстанның аймаққа жіберілген гуманитарлық көмекті арттыру үшін ынтымақтаса алатынын білдірді.

Кездесу барысында Түркия мен Түркіменстан арасында «Табиғи газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум», «Мұнай және табиғи газ кен орындарындағы ынтымақтастық ниет туралы декларация» және «Түрікменстан әуе жолдары мен Түрік аэронавигациялық қауымдастығы университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум» болды.

 Кездесу алдында президент Ердоғанға туған күніне орай Түрікменстан тарапынан «Түікмен халқының құрметті ақсақалы» атағы берілді және  сыйлық ретінде Ердоғанға кафтан кигізілді.

Президент Ердоған қонағы Бердімұхамедовке  алғыс айтты.

Президент Ердоған форум аясында Болгария президенті Румен Радевпен де кездесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Ердоған кездесуде Түркия мен Болгария арасында әсіресе қорғаныс өнеркәсібі және энергетика салаларында ынтымақтастықты арттырып, басқа салаларда да қарым-қатынастарды дамытудың маңызды екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар