Әзербайжаннан ЕО-қа Армения наразылығы

Әзербайжан Еуроодақ (ЕО) Армения миссиясының (EUMA) қызметін сынға алды.

2101211
Әзербайжаннан ЕО-қа Армения наразылығы

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Еуроодақтың Әзербайжандағы елшісі Петр Михалконың министрлікке шақырылғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «EUMA» қызметінің бастапқыдағы келісімге қарама-қайшы жұмыстарының Әзербайжанда маңызды алаңдаушылық тудырғанын елші Михалкоға жеткізгені білдірілді.

Сондай-ақ мәлімдемеде Михалкоға аймақтық тұрақтылыққа және Әзербайжан мен Армения арасындағы сенімді арттыруға үлес қосу мақсатына қайшы EUMA-ның «Әзербайжанға қарсы үгіт-насихат құралы ретінде кеңінен пайдаланылғанын» жеткізілгені атап көрсетілді.

Еуропалық лауазымдылар және бейресми делегациялардың «EUMA» аясында Әзербайжан шекарасына барып, дүрбімен бақылау жасағаны еске салынған мәлімдемеде  «Шекарада бұрын-соңды болмаған бір тыныштықтың орнағаны, Әрі Әзербайжан, әрі Армения сенімді арттырушы шараларын жүзеге асырып жатқан бір кезеңде «дүрбі дипломатиясының» ерекше алаңдаушылық туғызатыны жеткізілді» делінді.

Мәлімдемеде Еуроодақтың Әзербайжанның егемендігі мен аумақтық тұтастығына немесе заңды қауіпсіздік мүдделеріне әсер ететін әртүрлі әрекеттен аулақ болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырылғаны еске салынды.

Армения 2022 жылдың 27 желтоқсан күні Еуроодақ Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкіл  Жозеп Боррельге хат жолдап, ЕО-ты өз елінде азаматтық миссия тағайындауға шақырған болатын. ЕО Кеңесі Армения миссиясын құру туралы 2023 жылдың 23 қаңтар күні шешім қабылдаған еді.

ЕО-тың Арменияның Әзербайжан шекарасындағы тұрақтылық пен қалыпқа келтіру талпыныстарына үлес қосу мақсатымен тағайындаған азаматтық миссия жұмыстарына 2023 жылдың 20 ақпан күні бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар