Әзербайжан делегациясы ЕКПА-ны айыптады

Делегация Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының отырысынан шығып кетті.

2093085
Әзербайжан делегациясы ЕКПА-ны айыптады

Әзербайжан делегациясы Францияның Страсбург қаласында өткен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының отырысынан шығып кетті.

Әзербайжан делегациясы Еуропа органын нәсілшілдікпен айыптады.  Делегация «ЕКПА-ндағы қазіргі адам шыдай алмайтын нәсілшілдік, Әзербайжанофобия және Исламофобия атмосферасында Әзербайжан делегациясы осы ұйыммен ынтымақтастығын келесі шешімге дейін тоқтатады» деп мәлімдеді.

Әзербайжан ЕКПА-ның Әзербайжанға бағытталған ұстанымының қыркүйек айынан бастап нашарлай бастағанын» айтып, қазан айында осы ассамблеяның Бакуды «Қарабах армяндарын күштеп айдап жіберді» деп айыптайтын бір жақты шешім қабылдағанын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар