Орталық Азия сауда форумы басталды

Алматыдағы форумға әлемнің түкпір-түкпірінен бизнес әлемінің 300-ден астам өкілі қатысты.

2139541
Орталық Азия сауда форумы басталды

Қазақстанда «Сауда интеграциясы: Жаһандық деңгейге шығу» тақырыбында 13-ші Орталық Азия сауда форумы басталды.

Алматыдағы форумға әлемнің түкпір-түкпірінен бизнес әлемінің 300-ден астам өкілі қатысты.

Форумға қатысушылар Орталық Азиядағы сауданы дамыту мүмкіндіктерімен таныстырылды.

Шара аясында цифрландыру, көлік-логистикалық процестерді үйлестіру, сондай-ақ Орталық Азиядағы сауданың дамуына кедергі келтіретін факторлар талқыланды.

Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев елінің Орталық Азия елдерімен сауда көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен жылы Қазақстанның Орталық Азия елдерімен сауда көлемі 7,7 миллиард долларға жеткен.

Қазақстан алдағы уақытта Өзбекстанмен сауда көлемін 10 миллиард долларға, Қырғызстан және Тәжікстанмен 2 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр.

2022 жылы Орталық Азия елдерінің жалпы импорты мен экспорты 190 миллиард долларға жетті.

Соңғы екі онжылдықта Орталық Азия елдері айтарлықтай жетістіктерге жетіп, өсу әлеуетін көрсетті. Мәселен соңғы 20 жылда аймақтың жалпы ішкі өнімі  жыл сайын орта есеппен 6,2 пайызға өсіп, 347 миллиард долларға жеткен.



Ұқсас жаңалықтар