Қазақстанның мұнай экспорты артты

Сондай-ақ елден Германияға 993 мың тонна мұнай жөнелтілді.

2088951
Қазақстанның мұнай экспорты артты

Қазақстан Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы мұнай экспортын арттырды.

Өткен жылы бұл желі арқылы 1,3 миллион тонна мұнай экспортталғаны белгілі болды.

Сондай-ақ елден Германияға 993 мың тонна мұнай жөнелтілді.

 2023 жылы Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры желісі бойынша мұнай экспортының көлемі ұлғайтылды. Өткен жылы осы мұнай құбыры арқылы 1,3 миллион тонна мұнай экспорттаған.

Көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге өскенін және экспорттың 250 мың тоннадан 1 миллион 392 мың тоннаға дейін жеткенін көрсетті.

Қазақстандық «ҚазМұнайГаз» мұнай-газ компаниясының мәліметінше, 2023 жылдың 12 айында Ақтау портынан 3 миллион 376 мың тонна қазақстандық мұнай экспортталған.

Сонымен қатар елдің Германияға мұнай экспорты да артты.

Қазақстан 2023 жылы Германияға 993 мың тонна мұнай жіберді.  Бұл көрсеткішті 2024 жылы 1,2 миллион тоннаға жеткізу жоспарлануда.

Осы айда 100 мың тонна қазақ мұнайы Германияға жөнелтіледі.

Қазақстан 2023 жылдың ақпанынан бастап «Дружба» құбыры арқылы Германияға мұнай экспорттай бастады.



Ұқсас жаңалықтар