Бішкекте «Үлгілі 2023 марапаттау рәсімі» ұйымдастырды

ТИКА Қырғызстанның денсаулық сақтау саласына көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін жыл марапатына лайық деп танылды.

2077712
Бішкекте «Үлгілі 2023 марапаттау рәсімі» ұйымдастырды

Түрік Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Қырғызстанның денсаулық сақтау саласына көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін жыл марапатына лайық деп танылды.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Дәрі-дәрмек  және медициналық қызмет бойынша кеңес беру компаниясы тарапынан (Medfarm) ел астанасы Бішкекте «Үлгілі 2023 марапаттау рәсімі» ұйымдастырды.

Салтанатты рәсімге Қырғызстан Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары Еділ Байсалов, Денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев, Қырғызстан дәріханасы мемлекеттік мекемесі төрағасының орынбасары Айбек Жұмакаев, Қырғызстан Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Темир Сариев, Түркияның Қырғызстандағы өкілетті және төтенше  елшісі Ахмет Садык Доған, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының өкілдері, азаматтық ұйымдардың өкілдері мен қонақтар қатысты.



Ұқсас жаңалықтар