"Түріксой баспасөз сыйлықтары" табыс етілді

Түріксой "2023 Баспасөз сыйлықтары" Әзербайжанның Шуша қаласында табыс етілді.

2074958
"Түріксой баспасөз сыйлықтары" табыс етілді

Әзербайжанның Шуша қаласында Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымының "Түріксой" «2023 Түріксой Баспасөз сыйлықтары» табыс етілді.

2023 жылы Түркі әлемінің мәдениет астанасы Шуша мәдени іс-шараларының жабылу бағдарламасы кешінде баспасөз майталмандары марапатталды.

Салтанатты іс-шараға Әзербайжаннан БАҚ-ты дамыту агенттігі және «Әдебиет пен өнер» жаңалықтары порталы, Қазақстаннан «Айқын» газеті бас редакторы Амангелді Құрмет пен «Хабар 24» телеарнасының қызметкері Меруерт Памбетова, Қырғызстан Ұлттық телерадио корпорациясының директоры Болотбек Тіллебаев және «AKİPress» ақпарат агенттігінің Бас редакторы Алина Сағынбаева сыйлыққа лайық деп табылды.

Өзбекстаннан «Мәдениет» газетінің бас редакторы Дилбахор Худайбердиева мен «Өзбекстан 24» телеарнасы директорының орынбасары Шункор Чориев, Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан Түрік Агенттігі Кипр (TAK) директоры Фехми Гүрдаллы, Солтүстік Македониядан, «Time Balkan» газеті бас редакторы Сейид Эмин, Молдованың Гагауз автономиялық аймағынан Гагауз Жазушылар одағы журналының бас редакторы Константин Куртоғлу, телебағдарлама продюсері Алёна Терзиге және Түркіменстан Телерадио және кино мемлекеттік комитетіне табыс етілді.

Түркиялық жазушы, профессор Месут Хаккы Жашын, продюсер, әрі жүргізушісі Пелин Чифт пен продюсер, әрі жүргізушісі Эсра Гезгинджи «Түріксой» Баспасөз сыйлығына лайық деп танылды.

Рәсімнен кейінгі мәлімдемесінде Жашын Қарабахтың символдық қаласы Шушада болғанына қуанышты екенін атап көрсетті.

Әзербайжанды аумақтық тұтастығын қамтамасыз еткені үшін құттықтаған Жашын «Сыйлығымды батыр шейіттерге сыйлаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар