Бірыңғай уақыт белдеуі қолданылатын болды

2024 жылдың 1 наурызынан бастап бірыңғай уақыт белдеуі (UTC+5) енгізіледі.

2074401
Бірыңғай уақыт белдеуі қолданылатын болды

Қазақстан 2024 жылдың 1 наурызынан бастап бірыңғай уақыт белдеуін енгізеді.

Қазіргі уақытта екі бөлек уақыт белдеуі қолданылатын Қазақстанда 2024 жылдың 1 наурызынан бастап бірыңғай уақыт белдеуі (UTC+5) енгізіледі.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі таратқан мәлімдемеде аталған мерзімге қатысты заңға өзгерістер енгізуді көздейтін шешім үкіметтің қоғамдық сайтында жарияланған.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасында екі уақыт белдеуі (UTC+5, UTC+6) қолданылады. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстары – 4-ші сағаттық белдеуінде (UTC+4+1). Астана, Алматы, Шымкент қалалары және қалған облыстар (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Алматы) 5-ші сағаттық белдеуіне (UTC+5+1) жатады.

Бұл ретте,бүгінгі күні Қазақстан Республикасы азаматтарының едәуір бөлігі өзінің географиялық уақытынан озып, UTC+6 әкімшілік уақыт белдеуі бойынша өмір сүреді.

 



Ұқсас жаңалықтар