Түркия ризашылығын білдірді

Сыртқы істер министрлігі осы тақырыпта мәлімдеме жариялады.

2074068
Түркия ризашылығын білдірді

Түркия Әзербайжан мен Армения арасында кейбір нақты сенім арттыратын қадамдар басу шешіміне ризашылығын білдірді.

Сыртқы істер министрлігі осы тақырыпта мәлімдеме жариялады. Мәлімдемеде «Әзербайжан президенттік аппараты мен Армения премьер-министрлік кеңсесі тарапынан жарияланған мәлімдемеде айтылған екі ел арасында кейбір нақты сенім арттыратын қадам басылуы шешіміне ризашылық білдіреміз. Қосымша қадамдар қабылдануы үшін келіссөздің жалғастырылуына қолдау береміз» деп айтылды.

Сонымен бірге Түркия Оңтүстік Кавказда түбегейлі бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауы үшін ең маңызды оқиғалардың бірі болатын Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік келісіміне тез арада қол қойылуын қалайтынын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар