"Армения бейбітшілікті сыртта іздемесін"
Хаджиев Армения үкіметін «бағытын аймаққа бұруға және бейбітшілік үшін Әзербайжанмен кездесуді жалғастыруға» шақырды.
Әзербайжан президентінің орынбасары Хикмет Хаджиев Арменияның бейбітшіліктің бастауының Вашингтон, Брюссель және Парижде емес, Кавказ аймағында екенін түсінуі керектігін айтты.
Хаджиев Армения үкіметін «бағытын аймаққа бұруға және бейбітшілік үшін Әзербайжанмен кездесуді жалғастыруға» шақырды. Ол «Әзербайжан игі ниетті. Еліміздің егемендігі қамдалды. Аймақта әділет пен халықаралық құқыққа сүйенетін жаңа, заңды тұрақтылық орнатылды» деді.
2022 жылдың мамыр айында Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Армениямен қатынастарын қалыпқа түсірудің бес принцибін жариялаған болатын. Бұлар – өзара егемендіктің мойындалуы, өзара территория сұранысының жоқтығын бекіту, екі мемлекеттің бір-бірі үшін қауіпсіздік қатерін төндірмейтініне уәде беруі, мемлекеттік шекаралардың айқындалуы, дипломатиялық қатынастардың орнатылуы және транспорт пен коммуникация арналарының ашылуы.
Ұқсас жаңалықтар
Түркі Мемлекеттері Ұйымының 11-ші саммиті өтті
Бішкек қаласында Түркі Мемлекеттері Ұйымы мемлекет басшыларының 11-ші саммиті өтті.