Жетісай театры Анкарада

Театр ұжымы мен Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының өкілдерін Түріксой ұйымының бас хатшы орынбасары Cаид Юсуф қабылдады.

2065226
Жетісай театры Анкарада
Kazakistan_tiyatro_Türksoy_Turksoy-Kazakça
Kazakistan_tiyatro_Türksoy_Turksoy-Kazakça
t4.jpeg
Kazakistan_tiyatro_Türksoy_Turksoy-Kazakça
Kazakistan_tiyatro_Türksoy_Turksoy-Kazakça

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры театрдың  55 жылдығы, Түркістан облысының 5 жылдығы аясында Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласында гастрольдік іс-сапармен келді.

Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойы және Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың да 30 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келген сапар кеше басталды.

Театр ұжымы мен Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының өкілдерін бүгін Түріксой ұйымының бас хатшы орынбасары Cаид Юсуф қабылдады. Саид Юсуф қабылдауда қазақстандық өнер қайраткерлерін Түркістан облысының бес жылдығымен құттықтады. Ол Түркістан қаласына өзінің алғаш рет 1998 жылы барғанын,  артынан бірсыпыра іс-сапармен болғанын еске сала келе қаланың дамығанын әңгімесіне арқау етті. Барған сайын қала мен өңірдің дамуына куә болғанын айтқан Саид Юсуф Түркістанның керемет қала ретінде көркейіп келе жатқанын атап көрсетті.  «Бұл бізді қатты қуантады» деді ол. Қаланың тек сәулетімен ғана емес, мәдени іс-шаралар тұрғысынан да бір орталыққа айналғанын тілге тиек етті.  «Осы өткен бес жылдағы атқарылған істер алдағы талай бес жылдықтардың әлеуетіне айғақ» деді Юсуф.

Түркістан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының жоспарлау-қаржы бөлімінің бас маманы Жұмабек Тастеміров те сөйлеген сөзінде екі ел арасында мәдени ынтымақтастықты нығайту мақсатында Түріксоймен алдағы уақытта жұмыс жасауды жалғастыратындарын білдірді.

ҚР-на еңбегі сіңген қайраткер Бақыт Бекмырзаұлы Сраилов болса «Анадолыға атажұрттан дұғай сәлем» деп бастаған сөзінде театрдың тарихы туралы мәлімет берді. Қазір 55 жылдығын тойлап,  талай гастрольдерге қатысып,  түрлі байқаулардан жүлделі оралған театр ұжымының Түркияға осы сапарының болашақтағы іс-шараларына күш-қуат беретініне сенімін жеткізді.

 Түркияның бас қаласы Анкарада бүгін сахнаға шығатын театр ұжымының өкілдері Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Қойлыбаев Әзімхан Серікұлының атынан Түріксой бас хатшысының орынбасары Саид Юсуф мырзаға шапан кигізіп, қазақи сый-сияпатын берді.



Ұқсас жаңалықтар