Ильхам Әлиев Махмуд Аббасқа жолдау жіберді

Ильхам Әлиев Палестина мәселесінің БҰҰ қарары  шеңберінде екі мемлекет принципіне негізделген шешімін қолдайтындарын атап көрсетті.

2064839
Ильхам Әлиев Махмуд Аббасқа жолдау жіберді

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Газадағы шиеленістің тез арада шешілуіне үміттенетіндерін білдіріп, Палестина мәселесінің Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) қарары  шеңберінде екі мемлекет принципіне негізделген шешімін қолдайтындарын атап көрсетті.

Әзербайжан президенттігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Әлиев Палестина мемлекетінің құрылғанының жылдығына орай Палестина президенті Махмуд Аббасқа жолдау жіберді.  

Палестинада Әзербайжан өкілдігінің ашылуының екі жақты қарым-қатынастардың дамуы үшін оң қадам екенін атап көрсеткен Әлиев Әзербайжанның Палестинада мектеп салу мәселесінің де күн тәртібінде тұрғанын білдірді.

Әзербайжан президенті Әлиев өз жолдауында былай деді: «Газадағы шиеленіс мүмкіндігінше тезірек шешіледі деп үміттенеміз. Әзербайжан Палестинамен әрқашан ынтымақтасады және бұл мәселенің БҰҰ-ның тиісті қарарларына сәйкес, екі мемлекет принципіне негізделген шешімін қолдайды».



Ұқсас жаңалықтар