Ұлы көсемді Бакуде еске алды

Мұстафа Кемал Ататүрік қайтыс болғанына 85 жыл толуына орай еске алынуда.

2062966
Ұлы көсемді Бакуде еске алды

Түркия Республикасының негізін қалаушы, ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүрік қайтыс болғанына 85 жыл толуына орай еске алынуда.

Әзербайжанның астанасы Бакуде Ататүрік ескерткіші алдында ұйымдастырылған рәсімге Түркияның Әзербайжандағы елшісі Джахит Багжы, елшілік қызметкерлері, түрік мекемелерінің өкілдері және түрік оқу орындарының студенттері қатысты.

Салтанатты шараға Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Премьер-министрінің орынбасары және Туризм, мәдениет, жастар және қоршаған орта министрі Фикри Атаоғлу да қатысты.

Бағжы салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Ататүріктің басқыншылыққа, езгіге, мандатқа көнбеген ұлы түрік елін тәуелсіздік пен азаттық жолындағы ұлттық күрес рухында біріктіріп, соңғы Отаны Анадолыны азат етуге мұрындық болғанын айтты.

Ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүрікті еске алу шаралары аясында Түркия елшілігінде әзербайжандық суретші Рамиль Ахмедовтың Ататүрік тақырыбындағы сурет көрмесі мен Түркия Республикасының 100 жылдығына арналған фото көрме де ұйымдастырылды.



Ұқсас жаңалықтар