Хачатурян 15 жылға сотталды

Армения қарулы күштері 1991 жылдың 22 желтоқсан күні 27 әзербайжандық азаматты қырған еді.

2061586
Хачатурян 15 жылға сотталды

Әзербайжанның Ходжалы қаласы Мешели ауылында 1991 жылдың 22 желтоқсан күні жасалған қырғынға байланысты сотталған армян Вагыф Хачатурян 15 жылға бас бостандығынан айрылды.

Баку Ясамал аудандық сотында қаралған істе Баку Әскери сотының төрешісі Зейнал Агаев Хачатурян жөніндегі үкімді жариялады.  Үкімге қарай Хачатурян 15 жылға сотталды.

Армения қарулы күштері 1991 жылдың 22 желтоқсан күні Ходжалының Мешели ауылын басып, 27 әзербайжандық азаматты қырған еді.

Мешели қырғынының жауаптыларының бірі Хачатурян жөнінде Әзербайжанда 2013 жылы «қырғын» және «халықты күштеп көшіру» қылмыстарына орай ұстау шешімі берілген еді. Қарабахта тұратын Хачатурян 29 шілде күні ұсталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар