Түркі әлемі дезинформацияға қарсы бірігіп күресетін болады

Түркі әлемінде ақпарат агенттіктері арасында бірлік құрылады.

2060951
Түркі әлемі дезинформацияға қарсы бірігіп күресетін болады

Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанышбек Өміралиев аймақ елдері ақпарат агенттіктерінің жаңа одақ құратынын білдіріп, дезинформация және жалған хабарға қарсы бірігіп күресетіндерін айтты.

Стамбулда өткен Түркі ақпарат агенттіктері арасындағы Медиа саммитте сөйлеген сөзінде Өміралиев түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың аймақтың бейбітшілігі мен дамуы үшін маңызды екенін атап көрсетті.  Ол түркі мемлекеттері арасында медиа ынтымақтастығы үшін келісімге келетіндерін айтты.

«Медиада бірлік пен болашақ көзқарасы» атты саммитте «Түркі әлемінде агенттік журналистикасының жаңа күн тақырыптары» және «Түркі әлемінің болашағы: Жаңа ынтымақтастық салалары» атты отырыстар өтеді.

Саммит соңында Анадолы агенттігі (AA), Әзербайжан мемлекеттік ақпарат агенттігі (AZERTAC), Қырғыз ұлттық ақпарат агенттігі (Kabar), Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігі (UzA) және Қазақстаннан «Qazcontent» арасында бірлік келісіміне қол қойылады.



Ұқсас жаңалықтар