Қазақстан мұнай экспортын арттырды

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» Қазақ ұлттық мұнай-газ компаниясы хабарлады.

2050455
Қазақстан мұнай экспортын арттырды

 

Қазақ ұлттық мұнай-газ компаниясының мәлімдемесіне сәйкес, Қазақстан 9 айда Ақтау портынан мұнай экспортын 53 пайызға арттырды.

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» Қазақ ұлттық мұнай-газ компаниясы хабарлады.

Мәлімдемеге сәйкес Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспорты 2023 жылдың 9 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 864 мың тоннаға артып, 2 миллион 494,6 мың тоннаға жеткен.

Оның 990,3 мың тоннасы Баку портына, 1 миллион 494,6 тоннасы Махачкала портына жөнелтілді.

2022 жылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі арқылы мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырған болатын.

Осыдан кейін Қазақстан мен Әзербайжан мұнай компаниялары арасында Теңіз кенішінен Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы жыл сайын 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісімге қол қойылған еді.



Ұқсас жаңалықтар